Жаңалықтар

Елордада «Возрождение» этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына арналған Неміс мәдениеті күні өтеді

Елордада «Возрождение» этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына арналған Неміс мәдениеті күні өтеді
29.05.2019 16:54 3206
1 маусым күні елорданың Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына арналған Неміс мәдениеті күні өтеді.

Мерекелік іс-шара барысында Достық үйі алаңында Неміс мәдениеті күнінің ашылу салтанаты, неміс бірлестігі жұмысының таныстырылымы, неміс мәдениетіне арналған көрме, қолданбалы өнер мен аспаздық шеберлік бойынша шеберлік сыныптар, шығармашылық топтардың концерті мен музыкалық флешмобтар, қайырымдылық акциялары және т.б. жоспарлануда.
Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келген Неміс мәдениеті күні өтетін мерекелік іс-шарада балаларға арналған белсенді алаң - асфальттағы суреттер шеруі мен аттракциондық қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылып, тәтті балмұздақ таратылады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға