Жаңалықтар

Елордада вакцина алмаған балалар көп жағдайда қызылшамен ауырады

Елордада вакцина алмаған балалар көп жағдайда қызылшамен ауырады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 17.10.2023 21:20 742

Астанадағы күз мезгіліндегі қызылша вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 95% аурушаңдық вакцинацияланбаған балалар мен вакцинация мәртебесі белгісіз ересектер арасында тіркелген.

Эпидемиологтар балаларды қызылшаға қарсы егудің себептерін ата-аналардың профилактикалық егуден бас тартуымен түсініндіріп отыр. Соның салдарынан бүгінде 202 науқас балада, 99 балада уақытша және тұрақты медициналық ауытқулар байқалды. 58 бала егу жасына жетпеген, бір жасқа дейін ауырған. 

Қызылша циклдік ағыммен, сондай-ақ күзгі-қысқы маусымдылықпен сипатталады, яғни қазіргі уақытта жас балалар арасында сырқаттанушылықтың өсуін байқаймыз. Соңғы 29 жылдағы көпжылдық деректерді талдау Астана қаласында қызылша ауруының шыңы 1998, 2005, 2015, 2019 жылдарға келгенін көрсетеді. Талданған кезеңде инфекциялық процестің циклділігі 10 жастан 4 жасқа дейін қысқарды. Аурудың соңғы көп дерегі 2019 жылы болды, аурудың келесі кезеңі 2023-2024 жылдарға болжанып отыр. Бұған биыл наурыз айынан бастап қызылша ауруының тіркелуі дәлел бола алады, - деді Сархат Бейсенова.

Қызылша өте жұқпалы ауру болып саналады және вакцинацияланбағандар арасында тез таралуы мүмкін.
Осы жылдың басынан бастап елорданың 51 мектепке дейінгі мекемесінде 85 расталған жағдай тіркелді, оның ішінде 8 балабақшада 5-тен 9-ға дейін, қалғандарында – бір-бірден дерек анықталды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға