Жаңалықтар

Елордада «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді
Елордада «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Фото: psyfactor.org 27.10.2022 15:26 3207

Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінң ресми сайты мәлімдеді.

Конкурсқа 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар (ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған болуы керек) қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.

Конкурстың міндеттері:

дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және отбасына деген жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
- жастар арасында ұлттық, мәдени дәстүрлер мен отбасылық әулеттерге құрмет;
- жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру;
- салауатты отбасылық демалысты ұйымдастыру;
- отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;
- жас отбасыларға қолайлы көңіл күй сыйлау;
- мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау.

Отбасылар мынадай жүлделерге ие бола алады:

1 орын – 500 000 тг
2 орын – 350 000 тг
3 орын – 250 000 тг

Өтініш беру үшін Telegramm мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет:

1. Сканерленген неке туралы куәлік;
2. Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі;
3. Байланыс мәліметтері.
4. Instagram аккаунты
5. «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек» тақырыбына бейнеролик.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға