Жаңалықтар

Елордада үш күн ішінде 11 адам есірткімен ұсталды

Елордада үш күн ішінде 11 адам есірткімен ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.10.2023 16:15 709

Елордада үш күн ішінде 11 адам есірткімен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, 16-20 қазан аралығында елорданың көшелерінде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Үш күн ішінде полицейлер рейдтік іс-шаралар барысында есірткі заттарымен 11 астаналықты ұстады.

Есірткі заттарымен заңсыз айналысқаны үшін оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Атап айтсақ түнгі уақытта күдік тудырған 31 жастағы тұрғынды тұрғын үйдің кіреберісінде тоқтатып, тексергенде шалбарының қалтасынан салмағы 1,83 грамм Альфа-PVP психотроптық заты табылып, тәркіленген. Сол күні 43 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталып, оның да сол қолынан салмағы 0,21 грамм Альфа-PVP психотроптық заты табылған. “Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шарасы басталғалы елордада 73-тен астам қылмыс тіркеліп, оның 45-і кезекшілік күндері ашылған.

Бұған дейін жасалған 36 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды. Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер 2,5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 338 ұсақ бұзақылық және алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде көріну. Ал, көлікті мас күйінде басқарған 11 жүргізуші ұсталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға