Жаңалықтар

Елордада “Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті

Елордада “Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі»  кітабының тұсаукесері өтті
Фото: El.kz 03.04.2023 10:23 791

Астанада медиа сарапшы, журналист, қоғаммен байланыс және коммуникация саласының маманы Маргерит Хокси Салливанның қазақ тіліне аударылған «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі және «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» ұйымдастырды.

Маргерит Хокси Салливан Смитсон институтында дәріс оқыған және  Харвард университетінің Джон Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің саясат институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

АҚШ-тың гуманитарлық ғылымдар жөніндегі ұлттық кеңесінде және ЮНЕСКО-ның коммуникацияны дамыту бағдарламасының гранттар басқармасында тәжірибесі бар.

Іс-шараға АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері, ғылыми қоғамдастық және медиа саласының мамандары қатысты.

“Мен осы кітабымды жазған кезде әлеуметтік желілер қатты дами қоймаған еді. Еуропада болған кезде жазған-сызғандарым бір кітап жазатындай болып жиналып қалды. Баспасөз хатшыларына арнап тренингтер өткізіп келемін. Осы тренингтерде көрген-білгенімді кітап етіп шығардым”, - деді кітап авторы Маргерит Хокси Салливан.

Ол келесі кітабын онлайн жарияламақ. Сондай-ақ кітаптың ғаламторда қолжетімді екенін айтты.

“Бұл кітап тек баспасөз хатшылары үшін ғана емес журналистер үшін де пайдалы. Баспасөз хатшыларына жазылғанымен, барлық журналистерге бағыт-бағдар беріп отыратын болады. Бұл кітаптың шығындарын АҚШ мемлекеттік комитеті қаржыландырды. Сондықтан веб-қосымшалардан тегін жүктеп алуға болады. Кез келген адам басып тарата алады. Бірақ сатуға болмайды”,- деді автор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға