Жаңалықтар

Елордада целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және қаптама индустриясы мамандарының форумы өтеді

Елордада целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және қаптама индустриясы мамандарының форумы өтеді
28.05.2019 15:40 3459

29 мамырда елордадағы «Көрме» орталығында (Достық көш.,3) «Қазақстан республикасында целлюлоза-қағаз өнеркәсібін және қаптама индустриясын дамыту» тақырыбындағы форум өтеді.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы мен Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, аталған саладағы ірі кәсіпорындардың басшылары, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері мен тағы басқалары қатысады деп күтілуде.  

Форум тамақ өнеркәсібі, қайта өңдеу және қаптама индустриясы саласындағы шетелдік және отандық мамандардың дәстүрлі кездесу орнына айналған XXI «Тамақ өнімдері, сусындар, ингредиенттер, тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама және жабдықтар» Қазақстандық халықаралық көрмесі (бұдан әрі – «InterFood Astana») аясында өтеді.

Сессияларда мемлекеттік органдар қаптама индустриясы саласындағы бүгінгі күнгі қолдау шаралары мен өнеркәсіптік саясат туралы баяндайды. Іс-шара барысында тауарды өткізу нарығын іздестіру мәселесі талқыланады, сондай-ақ, экспорттаушыларды қолдаудың бүгінгі таңдағы жағдайы және әзірленіп жатқан құралдары туралы айтылады деп жоспарлануда. 

Анықтама: 2018 жылғы көрмеге Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Индонезия, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстан сияқты әлемнің 11 елінен 90-нан астам компания қатысты. Көрмені 2700 маман тамашалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға