Жаңалықтар

Елордада тағы жеті автобус жолағы енгізіледі

Елордада тағы жеті автобус жолағы енгізіледі
Фото: ©El.kz 04.05.2024 17:40 705

Астананың жеті көшесінде Bus Lane енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Автобус жолақтарының жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болады. Ол көшелердің тізімінде – Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Р.Қошқарбаев даңғылы, Ш. Айтматов көшесі бар.

Компания мамандары бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартатынын атап өтті.

18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді. Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімін мамыр айының соңынан бастап хабарлаймыз, - дейді компания мамандары.

Еске салайық, Bus Lane жобасы алғаш рет 2015 жылы енгізілді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға