Елордада тағы бір көшеде Bus Lane жолағы пайда болады
28.08.2024 20:39
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Астанада Тұран даңғылының Керей – Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі тағы бір учаскесінде Bus Lane жолағы пайда болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта аталған учаскеде жол белгілерін қою, жол белгілерін орнату және инфрақұрылымды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Bus Lane-ді енгізу қоғамдық көліктің қарбалас уақыттағы қозғалыс аралығын реттеуге және автобустардың аялдама пункттерінде жолаушылардың күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

