Елордада тағы бір көше жөндеуге байланысты жабылады
05.06.2024 18:25
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М1 көлік айрығы бойынша Түркістан көшесінен Арқар көпіріне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты, 6 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етіледі.
Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

