Жаңалықтар

Елордада өшпес рухани құндылықтар жайлы әңгіме болды

Елордада өшпес рухани құндылықтар жайлы әңгіме болды
11.12.2019 16:59 39531

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан халқының этномәдениетіндегі рухани құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Елордада өшпес рухани құндылықтар жайлы әңгіме болды

Елордалық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова жиынды ал,ысөзімен ашып, келген қонақтарды таныстырды. «Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйі барша этностарды біріктіретін ортақ мекен болып саналады. Белгілі бір этностың тарихымен, мәдениетімен танысу рухани дүниетанымымыздың дамуына үлесін тигізеді. Достық үйіне келген әрбір қонақтың қызығушылығы соған дәлел», - деп атап өтті Л. Құсайынова.

Елордада өшпес рухани құндылықтар жайлы әңгіме болды

Елордалық жоғарғы оқу орындары мен ҚХА жастарының алдында белгілі ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер сөз сөйледі. Іс-шара барысында Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков архитектура саласындағы зерттеулерге, қоғамдағы негізгі мәселелер жайына тоқтала кетіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған құндылықтар жайында кеңінен баяндады.

Уақыт пен заманды жеке басынан өткізген жағдайлармен байланыстыра әңгімелеген ғалымның басты еңбегі – Елтаңбаны жиналған жастар ерекше бағалап, тарихтың қадір-қасиетін тереңірек түсініп, Тәуелсіздіктің құндылығын екі есе сезінгендей болды.

Елордада өшпес рухани құндылықтар жайлы әңгіме болды

Экономика ғылымдарының докторы Орақ Әлиев, Польша ғылым академиясының және Варшава университетінің ғылым тарихы институтының PhD профессоры Михал Педрацки және тағы да басқа қатысушылар дөңгелек үстел аясында ойларын ортаға салып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға