Жаңалықтар

Елордада Сарайшық көпірінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Сарайшық көпіріндегі ақауларға байланысты жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін жүргізілетін болды
Елордада Сарайшық көпірінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: gov.kz 16.09.2022 10:27 878

Елордада Сарайшық көпірінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды. 

Бұрын көпірде темірбетон плитасының (тесік) бетонды сілтісіздендіру түріндегі ақаулар табылған. Автомобиль көпірінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Осы жылдың 16 қыркүйегінен қазан айының соңына дейін жөндеу жұмыстары көпірдің екінші жағында жүргізіледі. Осыған байланысты Р.Қошқарбаев даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Айта кету керек, көпірде ыңғайлы болу үшін екі бағытта да қозғалыс сақталған. Қала жолдарында кептеліс тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.

Естеріңізге сала кетейік, Сарайшық көпіріне жөндеу жұмыстары 12 жыл бұрын жүргізілген болатын. Осы уақыт ішінде үлкен трафиктің арқасында көпірде жарықтар мен шұңқырлар пайда болды. Соңғы жылдары елордада 400 - ден астам жол жөнделіп, салынды, олардың басым бөлігі қаланың тұрғын үй алаптарында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға