Жаңалықтар

Елордада салынып жатқан ғимаратта құрылыс материалдары өртенді

Елордада салынып жатқан ғимаратта құрылыс материалдары өртенді
Фото: Видеодан кадр 04.10.2023 17:39 920

Астанадағы Есіл ауданында алапат өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қазанда сағат 15:08-де Есіл ауданындағы Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында жаңа ғимараттан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс материалдары жанып жатқан. Өрттің ауданы - шамамен 200 шаршы метр, - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның 20 маманы мен 4 техника жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиғадан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Кейінгі мәліметтер бойынша, өрт 15.55-те ауыздықталған, бірақ толық сөндірілмеген. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға