Жаңалықтар

Елордада Рим Папасының қатысуымен діни рәсім өтеді

Дін ұстанушылар 30 тамызға дейін билет алуы тиіс
Елордада Рим Папасының қатысуымен діни рәсім өтеді
Фото: qazaqtv.com 23.08.2022 14:15 1141

Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан католиктері үшін көптен күткен оқиға жақындап келеді. Рим Папасы Франциск Съезге келу сапары аясында ашық аспан астында Месса рәсімін өткізеді. Іс-шара 14 қыркүйек күні сағат 16:45-те Мәңгілік Ел даңғылы, B1 мекен-жайында (Nur Alem павильоны алдындағы алаң - EXPO халықаралық көрме орталығының аумағы, стелланың жанында) өтеді. Кіру тегін», - деп жазды ол.

Шараға кез келген дін мен конфессия өкілдері қатыса алады.

«Тәртіп ережелері, сондай-ақ Мессаболатын дерге қалай жетуге болатыны туралы толық ақпаратты Қазақстанның католиктер шіркеуінің ресми сайтынан қарауға болады», - деп жазды форумның ресми өкілі.

Сондай-ақ, католиктердің шараға қатысуы бөлек реттелетіні айтылған. Ол үшін дін ұстанушылар 30 тамызға дейін билет алып, тіркеуге өтуі керек.

«Айта кету керек, қонақтардан кептеліс тудырмас үшін жеке көліксіз келуді сұрайды. Ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Жиналу орындарын католик шіркеуінің веб-сайтынан да табуға болады», - деп жазды Назым Жанғазинова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға