Елордада құтқарушылар терезе алдында тұрған бүлдіршінді аман алып қалды
17.05.2025 03:35
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Астанада ТЖМ құтқарушылары терезе алдында тұрған бүлдіршінді жазатайым оқиғадан аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласындағы Сарыарқа ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде 2020 жылы туған бүлдіршін ашық тұрған терезе алдында жалғыз қалған. Оқиға Жеңіс көшесінде тіркелді.
Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, үш иінді сатының көмегімен үшінші қабатқа көтеріліп, баланы терезе алдынан аман-есен алып шықты. Кейін бүлдіршін ата-анасына табысталды.
Бұл ретте төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және терезе қауіпсіздігін назарда ұстауды қаперге салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

