Елордада қар тазалау жұмыстарына 2 700-ден астам жұмысшы шықты
04.12.2024 14:01
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер елорданың көшелері мен алаңдарынан 831 мың текше метрден астам қар шығарды. Жұмыстар тәулік бойы үздіксіз режимде жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 3-інен 4 желтоқсанға қараған түнде қар полигондарына 169 рейс, яғни 1 828 текше метр қар шығарылды.
4 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңға жуық арнайы техника жұмыс істейді.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 65 мыңға жуық рейспен 831 мың текше метрден астам қар шығарылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

