Жаңалықтар

Елордада полиция алаяқты ұстады

Елордада полиция алаяқты ұстады
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 09.12.2024 11:40 363

Елордада полиция алаяқты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордада Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жалған парақша ашып, адамдарды 100 мың теңгеге жуық ақшаға алдап кеткен 37 жастағы жергілікті тұрғынды әшкереледі. Күдікті желіде қыздың атынан жалған аккаунт ашып, оның суреттерін парақшасына жүктеп, қыздың танысына жазған. Уақыт өте келе алаяқ жеке қажеттіліктері үшін 15-20 мың көлемінде ақша сұрай бастаған. Сома 100 мыңға жеткенде, жәбірленуші ақшаны қайда жіберіп жатқанын тексеруді ұйғарды. Ал карта номерінің артында  қыз емес екенін байқағасын, алаяқтың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласқан.

Жауап алу кезінде жас жігіт кінәсін мойындады. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас сипаттағы ашылмаған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға