Ақорда

Елордада Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды

Мерекелік бағдарлама 12:00-де басталып, қалалық алаңда және «Астана Арена» стадионында сағат 15:00-ге дейін өтетін ауқымды концерттермен жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрермендер алдында танымал эстрада жұлдыздары: «МузАрт», DiArt, «Джентельмены», «Алатау серілері», «Астана», Қуандық Рахым, Маржан Арапбаева, Меруерт Түсіпбаева, Алтыншаш Мұқатаева, Нұрлыбек Жуликенов (Askeri Anshi), Айзат Қарабекова, Ардақ Балажанова, Құрал Молжанов, Дос, Қайыркелді, Берік Ержанов, Гүлсім Мырзабекова және Асхат Әмірғалиев және т.б. өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 100-ге жуық іс-шара жоспарланып отыр. Олардың арасында концерттер, көрмелер, акциялар, спектакльдер және т.б. өтеді.