Жаңалықтар

Елордада NEET санатындағы жастар қалай көмектеседі

Елордада NEET санатындағы жастар қалай көмектеседі
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 19.02.2024 19:48 721

NEET санатындағы жастармен өзара іс-қимыл елордада жастар саясатын іске асырудағы басым бағыттардың бірі болып саналады. Осы санаттағы жастардың санын азайту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл қызмет туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев атап өтті. 

Осы бағыт шеңберінде биыл JolTap жобасы іске асырылуда. Онда 6,5 мың адамды жұмыс дағдыларына және «Freelance Mumkindik» жобасы шеңберінде 3 мың адамды цифрлық дағдыларға оқыту жоспарланған. 

Сонымен қатар, жыл сайын Бос орындар жәрмеңкелері, кеңестер, конкурстар және басқа да жобалар мен іс-шаралар өткізіледі.
Zhas project жобасы мемлекет ұсынатын жастар үшін жақсы мүмкіндіктердің бірі болып саналады.

Бұл шаралар NEET санатындағы жастардың әлеуметтенуіне оң әсер етеді. Жоба шеңберінде NEET санатынан 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыруға 1 млн теңге көлемінде грант алуға мүмкіндігі бар. Жобаларды іске асыру мерзімі – 4 ай. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз. Белсенді жастарды жобаға қатысуға шақырамыз, - деді Самат Ибраев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға