Жаңалықтар

Елордада Наурыз мерекесіне орай инновациялық киіз үй орнатылды

Елордада Наурыз мерекесіне орай инновациялық киіз үй орнатылды
Фото: Астана қаласының әкімдігі 22.03.2023 10:04 1434

 ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында көшпелі өркениет фестивалі өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль алаңында этноауыл орнатылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қолөнершілер өздерінің шеберліктерін көрсетіп, білімдерімен бөлісу үшін жиналды.

Мұнда сіз қолдан жасалған бұйымдарды тамашалай аласыз, ұлттық ою-өрнектер мен кесте, кілем тоқу, киізден жасалған көне тоқыма өнері, тіпті сауыт жасау бойынша бірегей шеберлік сабақтарына қатыса аласыз.

Фестивальдің басты ерекшелігі - жасанды интеллект көмегімен жасалған өнер, дизайн, анимация заттарын қамтитын Neo Nomad инновациялық киіз үйі орнатылды.

Сонымен қатар, ЭКСПО аумағында Шығыс жәрмеңкесі ашылды. Мұнда қонақтар этникалық стильдегі дизайнерлік киімдерді, сәнді және шебер жасалған зергерлік бұйымдарды, керамика, металл, былғары және жібектен жасалған әдемі бұйымдарды және ұлттық кәдесыйларды таба алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға