Жаңалықтар

Елордада ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтеді

Елордада ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтеді
19.08.2019 11:13 2587

20 тамызда сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Ассамблеяның және ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен жастар қозғалысының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала қонақтары қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальдің негізгі идеясы – Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен тіл алуандығын көрсету, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, этнос өкілдері арасында тығыз байланыс пен достық қарым-қатынас орнатып, әртүрлі ұлттың ойындарын үйренуге, мәдени мұраларымен танысуға мүмкіншілік жасау. Сондай-ақ үстел ойындарының шығу тарихы мен пайдасы туралы әңгімелеу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұйытқы болу.

Фестиваль қатысушылары назарына әртүрлі бағдарлама ұсынылады. Көрермендер этникалық орталықтардың «Мэмо», «Хато», «Экият», «Ур» және «Дрендел» сынды ұлттық ойындарын тамашалайды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша этномәдени бірлестіктер командаларының спорттық шеруін өткізу күтілуде. Қазақтың ұлттық ойынының бірі - асық атудан шеберлік сабағы өткізілетін болады.

Соңынан жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, алғысхаттар тапсырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға