Елордада LRT пойыздары қашан сынақтан өткізіледі? Әкім жауап берді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс кулуарында сөйлеген сөзінде LRT пойыздарының алғашқы сынақтық іске қосылу уақыты жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімнің сөзінше, алғашқы пойызды сынақтан өткізу алдағы аптада, шамамен 29 немесе 30 қыркүйекке жоспарланып отыр. Бұл бағыт «Абу-Даби» станциясына дейін жалғасуы мүмкін.
Кейін күн сайын пойыздардың жүру ұзақтығын, станциялар мен құрамдар санын көбейте бастаймыз. Бір апта ішінде 1-2 станция арасында сынақтық режимде қозғалысын көреміз. Жалпы сынақ үш айдан алты айға дейін жалғасады. Қазан айында қосымша сегіз пойыз келеді, ал желтоқсанға дейін барлық 18 құрам жеткізіледі. Біздің жоспар бойынша, жаңа жылдың басынан бастап олардың барлығы іске қосылады. Желтоқсанның соңына қарай немесе қаңтардың басы мен ортасына қарай барлық пойыздар тестілік режимде толық жұмыс істейді. Жобалық тариф 200 теңге көлемінде болады, – деді Жеңіс Қасымбек.

