Жаңалықтар

Елордада күйдіргі індетін жұқтыру фактісі тіркелді

Елордада күйдіргі індетін жұқтыру фактісі тіркелді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.11.2023 16:11 742

Қарағанды облысындағы бір жағдай кісі өлімімен аяқталған, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.  

2023 жылдың 10 қарашасындағы жағдай бойынша, елімізде күйдіргі (сібір жарасын)ижұқтырудың 38 жағдайы тіркелген.

Жамбыл облысында – 19, Ақмола облысында– 15, Қарағанды облысында – 3, Астанада – 1 сырттан әкелінген, симптомсыз жағдай,  – деп жазылған министрліктің Kazinform агенттігінің сауалына жолдаған жауабында.

Ведомство мәліметінде күдіргіні жұқтырудың соңғы деректері 24 қарашада Қарағанды облысында тіркелген. Ауру тараған ошақпен 31 адам байланыста болған. Қазір олардың бәріне бекітілген медициналық бақылау мерзімі аяқталған. Байланыста болған адамдардан сібір жарасының белгілері анықталмаған.

Қарағанды облысы Топар кентінің әкімі 8 қараша күні карантин режимін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын. Сібір жарасының бұл өңірден басқа өңірлерге тарау фактісі тіркелмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға