Жаңалықтар

Елордада коронавирусқа қарсы вакциналар жеткілікті

Эпидахуалды шарықтау шегіне жеткізбей алдын алу қажет
Елордада коронавирусқа қарсы вакциналар жеткілікті
28.11.2022 17:10 2540

Коронавирус инфекциясының таралу қаупі бірқалыпты емес. Бүгінгі мәлімет бойынша елде 1007 адам аталған індеттен ем алып жатыр. Бір түнде 84 адам жұқтырған. Таралу қаупі бар болғандықтан сақтық шараларын қолданған жөн. Инфекцияға қарсы екпе салу әлі де жүргізілуде, дегенмен вакцинациялау пунктерінде өзіңіз қалаған екпе түрін таппауыңыз мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаппай екпе салу  аяқталғанымен, қоғам арасында вакцина алмаған немесе толық компонентті қабылдамған жандар бар. Қытайдағы қазіргі көрініс халықты алаңдатпай қоймады. Қайта өршу қауіпі туындау мүмкіндігі жоғары болғандықтан, аурудың алдын алу үшін екпе алу қажеттілігі қайта туындауда.

Қазақстанға «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V), «QazVac», «Hayat-Vax», «КоронаВак», «Синофарм», «Vero Cell», Pfizer вакциналары әкелінген. Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 700-ден астам QazVac пен 75 мыңға жуық Синофармның вакциналары бар.

«Ниет білдірген азаматтар елордада орналасқан кез келген вакцинациялау пунктерінен аталған екі вакцина дозасын ала алады. Барлық компонентті алған адамдар арнайы дәрігер нұсқауымен қабылдауы керек» – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Елордада коронавирусқа қарсы вакциналар жеткілікті

Эпидиахуал өсімі байқалғандықтан халықта ем алуға сұранысы артады. Республикалық диагностикалық орталықтың жауабы бойынша, «Синофарм» вакцинасы жеткілікті көлемде бар. 10:00 мен 15:00 аралығында ауруханаға келіп екпе алуға болады. Алайда нақты саны айтылмады.

Ал қала бойынша хабарласқан мекемелердің арасында Astana Clinic пен қалалық №9-шы емханада аталған екі вакцинадан бөлек  «Vero Cell»-дің де дозалары бар екені анықталды.

«Қазіргі таңда үш вакцина бар.  Нақты саны белгісіз, дегенмен қала тұрғындарын қамтамасыз ете аламыз» – деп қысқа қайырды мамандар.

Елордада коронавирусқа қарсы вакциналар жеткілікті

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға