Жаңалықтар

Елордада конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтті

Елордада конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтті
Фото: Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы 09.03.2023 11:25 1390

«Арғымақ» ат- сауықтыру спорт кешенінде қыздар арасында алғаш рет конкурдан ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған додаға Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды облыстарынан 75-ке тарта шабандоз аруларымыз қатысты. 

Мерекелік шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының вице призиденті және олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов қатысты.  Олар әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтап, бабы мен бағы келіскен қатысушыларымызға сәттілік тіледі. 

Елордада конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтті

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа жолдауында «Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз» - деген болатын. Осы бағытта атқарылған бұқаралық сипаты бар спорттық шаралар аз емес. Адамзат тарихында жылқы ең алғаш қазақ даласында қолға үйретілгені белгілі. Шын мәнінде, қазақ пен жылқы – егіз ұғым. Біз қазіргі заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға тиіспіз. Бүгінгі жарыстың басты мақсаты да – осы. Жас ұрпақты қайсарлыққа, жігерлілікке тәрбиелейтін ат спорты бүгінгі таңда елімізде қарқынды даму үстінде" деді қалалық спорт басқармасының басшысы.

Аталмыш ат спорты кешенінде ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлерін (конкур, көкпар, аударыспақ, бәйге, теңгеілу, жамбы ату) дамытуға, сондай ақ иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға тапсырмас кешен.

"Кешен алдағы уақытта қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қазіргі таңда бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымға тікелей байланысты. Бұлат-сауықтыру спорт кешені спорттың ұлттық және ат спорты түрлерінен оқу-жаттығу жиындарын, спорттық жарыстарды өткізетін талаптарға сай жасалған. Бүгінгі таңда Астана қаласында 200-ден астам спортшылар ат спорты түрлерімен айналысады. Астана қаласының құрамасы Көкпар мен конкурдан Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарының чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылады. Қолданысқа берілген «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешені Астанадағы атқа мінуді ұнататындардың арасында әйгілі кешен болатынына сенімдімін. Осы орайда аталмыш шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің Федерациясына алғысымды білдіремін", деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Көсіле шабатын сәйгүліктеріміз  биіктігі мен күрделілігі бойынша сайыстың 4 бағдары бойынша сынға түсті. Яғни, біріншісі «Әуесқойлар санаты», ондағы кедергінің биіктігі – 105 см. Екінші санат 12 мен 15 жас аралығындағы балаларға арналған. Мұндағы биіктік – 110 см. Үшіншісі «Ашық сынып санаты» деп аталады. Ол жердегі кедергінің биіктігі – 120 см. Төртіншісі – «Екі кезеңнен тұратын ашық санат», ондағы биіктік те – 120 см. Айта кетейік бұл төртінші санатта төрешілердің ортақ шешімімен жігіттеріміз де қатысты.

Балалар және ашық сынып санаты бойынша қатысқан Астаналық Әмина Акшина «Гордый» атты тұлпарымен алдына жансалмай жеңіс тұғырынан көрінді.

Елордада конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтті

«Мен бүгін балалар және 120 қыздар арасындағы жарыста секіріп шықтым. Екі бірінші орын алдым. Атты дайындау кезінде міндетті түрде оны сүрту керек. Себебі әр шаң, қылшық оған кедергі етеді» - дейді жеңімпаз атанған Әмина Акшина.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорт басқармасымен Астана қаласының ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен өткен сайыстың жалпы жүлде қоры – 6 000 000 теңгені құрады.

Айта кетейік, мұндай жарыс Астанада осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға