Жаңалықтар

Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді

Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 03.07.2024 16:41 275

Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 жылдығына орай және Астана күнін мерекелеу аясында Қаламгерлер аллеясында 5 шілде күні сағат 11:00-де «Астана – біздің рухани ордамыз!» атты «KITAPHANA FEST» - 2024 ауқымды кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, «KITAPHANA FEST» кітап фестивалі – 2019 жылдан бері өткізіліп жатқан қалалық ауқымдағы тұңғыш кітап фестивалі. Бүгінгі таңда фестиваль аясында белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітаптың тұсауы кесілді.

Іс-шараның мақсаты – мәдени іс-шара арқылы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау, қоғамның мәдени деңгейін көтеру, белгілі ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастыру, - делінген мәліметте.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде танылған көрмеде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен кітаптар ұсынылатын болады. Фестиваль аясында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар іс-шараға Сәуле Досжан, Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ, Динара Оспанова сынды және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысады. Фестиваль аясында қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастау мүмкіндігіне ие болады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламалары күтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға