Жаңалықтар

Елордада ҚХА республикалық қайырымдылық форумда аймақтардағы меценаттар бас қосады

Елордада ҚХА республикалық қайырымдылық форумда аймақтардағы меценаттар бас қосады
28.11.2019 09:28 2191

28 қарашада сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында (Опера залы) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты республикалық қайырымдылық форумы өтеді.

Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж. Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік бағыттағы орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, өңірлік делегациялар-меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлар, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚХА қайырымдылық жобаларына қатысушылар және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Форум барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» жаңа жобасы бастау алады. Аталмыш жоба ҚХА-ның 25 жылдығына арналған және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуында Елбасының ерен еңбегін ашуға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру 2020 жылға бағытталған. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті қатысқан Қазақстанның барлық өңірлері мен шетел мемлекеттерін қамтиды. Экспедиция күнделігі мен туы экспедицияның символы болып саналады.

Форум аясында Ассамблеяның қайырымдылық акцияларына қатысушыларды ҚР Мемлекеттік хатшысының алғыс хатымен, меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға сіңірген еңбегі үшін қоғамдық мойындау және мадақтау құрметіне «Жомарт жан» ҚХА төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға