Елордада Gul Astana гүл фестивалі өтеді
Астананың 25 жылдығына орай 5 және 6 шілде күндері ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында Gul Astana ECOURBAN OPEN AIR гүл фестивалі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындарын эко қозғалысқа жұмылдыруға және қайта өңделетін шикізатты өңдеудің маңыздылығын көрсетуге, елорданың экобелсенділерін біріктіруге ниетті.
Фестиваль продюсері Майра Измайылованың айтуынша, іс-шараға қатысушылар үшін қалалық қауымдастықтар мен олардың қызметіне арналған тегін интерактивті орындар ашылады.
Мұнда қаланың жасыл картасы көрсетіледі, ол ниет білдірушілерге көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктер жетіспейтін орындарды көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай орындарды фестиваль қатысушылары картада арнайы белгілеп көрсетеді. Астана қаласы әкімдігінің Урбанистика басқармасының мәліметінше, қала тұрғындарының ұсыныстары елорданы көгалдандыру мен абаттандыруды жоспарлау кезінде ескерілетін болады.
Іс-шараның ерекшелігі – Қазақстанның табиғи аймақтарының ландшафтында безендірілген киіз үйлер, гүл аймағын безендіру бойынша флористер конкурсы болмақ. Сол сияқты сүйіктісіне жүрек сезімін білдіру бойынша конкурс ILOVE фотоаймағында ұйымдастырылады, нәтижесі бойынша БАӘ-ге екі адамға жолдама ойнатылады.
Келушілер үшін білім беру және эко мастер-класстар өтеді: ресайклинг (қалдықтарды қайта өңдеу және туындылар мен өнер объектілерін пластиктен жасау) және велосипедпен жүру (олар үшін жаңа функционал жасай отырып, материалдар мен заттарды қайталама пайдалану).
Сондай-ақ фестивальде флористер арасындағы байқау, суретшілер, сәулетшілер, мүсіншілер арасындағы «Гүл шаһары – Астана» байқауы қорытындыланады.
Сондай-ақ, «ILOVE» байқауының, «Ecodar» менің қалам – менің үлесім» байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Гүл фестивалінің ресми ашылуы 5 шілде күні сағат 10:00-де ЭКСПО алаңында өтеді, кіру тегін.