Жаңалықтар

Елордада дизайн-кодтың бұзылуына байланысты мыңнан астам жарнамалық белгі алынды

Елордада дизайн-кодтың бұзылуына байланысты мыңнан астам жарнамалық белгі алынды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 15.07.2023 09:19 873

Астанада 2019 жылы бекітілген қаланың дизайн-кодына сәйкес сыртқы жарнама мен маңдайшаларды ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта бекітілген дизайн кодқа сәйкес келмейтін 1200-ден астам жарнамалық элемент бөлшектелген. Мұндай ереже бұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберіледі. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізіліп келе жатыр. 

Астана қаласының урбанистика орталығы маңдайшалар бойынша 400 эскиздік ұсыныс пен ұсыным әзірледі. Қалалық урбанистика орталығында келісілмеген сыртқы жарнама визуалды шу шығаратынын, қаланың жалпы көрінісі мен үйдің келбетін бұзатынын атап өтті. Мұндағы мақсат – сыртқы жарнаманы ретке келтіріп, біртұтас және тартымды қалалық ортаны құру болып отыр.

Қазіргі уақытта «Лазурный квартал», «Триумфальный тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Сәтбаев, Түркістан көшелерінің, Мәңгілік ел, Республика даңғылдарының және т.б. бойында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға