Жаңалықтар

Елордада дін көшбасшыларының екінші отырысы өтіп жатыр

Бассыздықтың барлығы дінге қарсы.
Елордада дін көшбасшыларының екінші отырысы өтіп жатыр
15.09.2022 11:44 1366

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне жиналған делегация өкілдері әлемдегі түрлі халықтардың дінге деген көзқарастары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.

Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысының орынбасары Абдуль Рахман Абдулла әл-Зайд әлемдегі қақтығыстардың бір бөлігі дінге байланысты қақтығыстар екенін айтты.

«Соңғы кездері әлемде елдер арасында түрлі қақтығыстар мен қантөгістер орын алып жатыр. Соның ішінде дінді айыптап, дінге жауапкершілік артып соғысқандары да бар. Дін керісінше, адамдарды кешірімшіл және күнәсіз болуға насихаттайды. Осыны естен шығармаған жөн. Көптеген түсініспеушілікті ақылға салып, кешіре білу дінде маңызды. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар айтқандай «ең жақсы адам ғана адамдарға игілік әкеледі». Сондықтан адамзат өркениеті жеккөрушілік пен кекшілдік әрекеттерінен алшақ болуға және үнемі санамызға жүгінуге тиістіміз», - деді ол.

Сонымен қатар, соғысып уақыт жоғалтқанша игі істермен айналысқан дұрыс екенін де айтты.

«Алтын уақытымызды керексіз, пайдасыз қақтығыстарға жұмсамай қанағатшылдыққа ұмтылғанымыз жөн. Кекшілдік бір-бірімізді құртуға деген ұмтылысқа жеткізеді. Бұның артында кінәсіз адамдарды өлтіру, жазықсыз халықтың қанын төгу тұр. Ал, бұндай бассыздықтың барлығы дінге қарсы», - деді Абдул Рахман.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға