Елордада Бұқар жырау көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
20.08.2025 08:31
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу» жобасы аясында асфальт төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осыған байланысты 20-31 тамыз аралығында аталған учаскелерде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы бір бағытта ұйымдастырылатын болады. Алдымен Әл-Фараби даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына қарай, кейін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына қарай жол қозғалысы шектеледі.
Бұл ретте елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

