Жаңалықтар

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр
Фото: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 25.07.2024 17:45 505

Бүгін Астанада «Жастарға жұмыс» бос орындар жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада 70-ке жуық жұмыс беруші компания 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысушылар арасында «Samruk-kazyna Construction», «Қазпошта», «Astana Hub», «BI Group», «Qazaq Air», «Jusan Bank», «Қазақстан Темір Жолы», «Богатырь Көмір» сынды кәсіпорындар мен басқа да ірі компаниялар бар.

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Суреттер: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 

Жұмыс беруші «Скиф Трейд» компаниясының өкілі Айгерім Жұмалиева бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға екі апта бұрын шақырту алғанын айтады.

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Сурет: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 

Біздің компанияда кадрларды іріктеу жөніндегі маман болып қызмет етемін. Биылдыққа үш жұмыс беру жәрмеңкесіне қатыстық. Қызығушылық білдіріп жатқан адамдар көп. Компаниямызға сатушыларды, аспаз, жүк тасушы, кассир, әкімшілерді іздейміз. Орташа жалақы шамамен 180 мың теңгеден басталады, – деді ол.

«Қазпошта» акционерлік қоғамының өкілі Марат Сұлтанұлы үш бос жұмыс орны бойынша қызметкерлерді іздейтінін жеткізді. 

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Суреттер: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 

Бізге жүк көлігі мен жеңіл көлік жүргізушілері керек. Барлығына ресми түрде айлық төленеді. Жеңіл көлік жүргізетіндер үшін жұмыс күні 5/2, ал жүк көлігін жүргізетіндердің жұмыс уақыты әртүрлі. Олардың айлығы 180-500 мың теңге арасында, – деді Марат Сұлтанұлы.

Жұмыс іздеушілердің бірі Аймира Тірлікбаева Астанаға бір ай бұрын Алматы қаласынан көшіп келген.

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Сурет: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 

Жасым 23-те. Биыл архитектура мамандығын бітіріп шықтым. Осы сала аясында жұмыс іздеп жүрмін. Жаңа «BI Group» компаниясының өкілдерімен барып сөйлестім. Өкінішке қарай мен қалаған мамандық бойынша бос вакансия жоқ екен. Енді басқа компанияларға барып көремін, – деді тұрғын.

Астаналық тұрғын Барысбек Есмаханов бір жыл бұрын бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітірген. Қазіргі таңда өзінің саласы бойынша жұмыс іздейді.

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Сурет: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 

Мамандығыммен жұмыс істеп көрмедім. Әзірге тәжірибе жинауды мақсат еткен соң қоятын аса бір талабым жоқ. Бастысы мектепке қызметке орналассам болғаны, – деп қалауын жеткізді астаналық тұрғын.

Ал Айгерім Артығали 8 шілде күні Астанаға Орал қаласынан көшіп келді.

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Сурет: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 

Басқа қаладан келген соң өзіме жұмыс іздеп жүрмін. Негізі мамандығым есепші. Бірақ мамандығыма сәйкес келмейтін қызметтерді де қарастырамын. Бастысы айлығы 300 мыңнан төмен болмаса болды, – деп пікірін білдірді Айгерім Артығали.

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр

Сурет: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 

Айта кетейік, аталған жәрмеңкеге Нұржол бульварына сағат 16:00-19:00 аралығында барып қатысуға болады.
Жұмыс іздеп жүргендер жәрмеңкеге өзімен бірге түйіндемесін әкелгені абзал.

Елімізде жұмыссыздар саны артқан

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде жұмыссыздар саны 1,52 пайызға, яғни 6,8 мың адамға өсіп кеткен.

Былтыр бұл көрсеткіш елімізде айтарлықтай болмаса да аздап төмендеген болатын.  Айталық, 2022 жылдың 4-тоқсанында республикада жұмыссыздар саны 456,1 мыңнан астам болса, 2023 жылдың басында 453,5 мың адамды құрады, ал 2023 жылдың 4-тоқсанында небәрі 445,9 мың адам болған. Алайда 2024 жылдың 1-тоқсанында жағдай күрт өзгеріп отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жұмыссыздар саны 1,52 пайызға, яғни 6,8 мың адамға өсіп, 452,7 мың адамға дейін жеткен. Дегенмен бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты ерекшеленіп отырады.

Мысалы, ауылдарға қарағанда қалаларда жұмыссыздар саны айтарлықтай көп. Ауылдық жерлерде 170 мың, ал қалаларда 283 мың адам жұмыссыз. Әйелдерде де солай – ерлерге (211 мың) қарағанда олардың арасында (242,2 мың) жұмыссыздар әлдеқайда көп. Сонымен қатар нақты жұмыссыздық деңгейі де әртүрлі. Әйелдер арасында ол 5,2 пайызды, ерлер арасында 4,2 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі өткен жылы өзгеріссіз болып, 4,7 пайыз деңгейінде қалды.

Ал, мемлекет азаматтардың жұмыспен қамтуды нəтижелі əрі еркін таңдау арқылы қалыптасуына жəрдемдесу саясатын жүргізіпақ келеді. Әр кезең сайын мемлекет жұмыссыздықтағы əлеуметтік қорғаудың түрлі жолдарын ұсынады

Еліміздегі жұмыссыздарға мемлекет қашанда жұмысқа орналасуға жəрдемдеседі. Жұмыссыздар үшін кəсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау жəне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып келеді. Табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға атаулы əлеуметтік беріледі.  Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы əлеуметтік саясатты жетілдіру үшін арнайы жұмыспен қамту бағдарламалары қабылданған.

Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Халықты əлеуметтік   қолдауға   мұқтаж    нысаналы   топтардың   жұмыспен   қамтылуын да мемлекет ұмыт қалдырған емес. Сондай-ақ тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын құратын шағын жəне орта кəсіпкерлікке деген мемлекеттің қолдауы ерекше.

Көп жағдайда жұмыссыздықпен көбіне бетпе-бет келетіндер дипломын қолына жаңадан алған, әлі еш жерде жұмыс істеп тәжірибе жинамаған, жас мамандар. Өздері таңдаған мамандықты төрт жыл бойы оқып, қолына диплом алғаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс таппай, сұранысы жоқ мамандық алғанына іштей өкініп жүргендер. Бірақ оларға да реніш жоқ. Себебі күн сайын жаңалық ашылып, көз ілеспес жылдамдықпен дамып бара жатқан бүгінгідей заманда кешегі мамандық бүгін, бүгінгі мамандық ертең керексіз болып қалып жатады. Мұндай жағдайдан шығудың жолы – екінші мамандық алып немесе қайта даярлау курстарынан өту ғана. Бірақ бұрынғыдай тағы төрт жылып сарп етпей, бірнеше айлық курстар оқып та қолынан келетін іспен айналысға болады. Сонымен қатар ауылдағы жастардың жұмыссыз жүріп, салдарынан қалаға ағылып, сондағы өмірге бейімделіп, жұмыс табамын дегенше уақытша жұмыссыз атанатындар да баршылық. Бірақ сол уақытша жұмыссыз жүрудің өзі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Сондықтан бір жұмысқа басын тығып алуды мақсат ететіндер уақытша болса да табыс көзін табатыны анық. Ал ауылда қалалық жерге қарағанда жұмыс көзі шектеулі. Мемлекеттік мекемелердегі санаулы орындар жеткіліксіз болғандықтан, шаруашылықпен айналысып, кәсіпкерлікке ден қоятындар көп жағдайда өзін-өзі қамтығандар болып жұмыссыздықты ығыстырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға