Жаңалықтар

Елордада бизнес иелері үшін электр энергиясы арзандайды

Елордада бизнес иелері үшін электр энергиясы арзандайды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 03.05.2024 12:46 727

«Астанаэнергосбыт» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 38,35 теңгеден 31,45 теңгеге дейін яғни 18%-ға төмендету туралы тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Еске сала кетейік, бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Астанаэнергосбыт» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Астана қаласының заңды тұлғаларының «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Туындаған сұрақтар бойынша «Атсанаэнергосбыт» ЖШС-на жүгінуге болады:

 ✔️ Заңды тұлғалар үшін:

  • Б. Момышұлы даңғылы, 4/1 үй, телефон 91-83-33, 91-85-27, 91-87-50, 91-87-39;
  • Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1, телефон 91-86-75, 91-87-36.

 Сондай-ақ «Астана-АЭК» АҚ:

  • Иманов көшесі, 11, телефон: 576 579.
  • Сауран көшесі, 7б, телефон: 472 191.
  • Домалақ ана көшесі, 9, телефон: 620 457 қос. 2699.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға