Жаңалықтар

Елордада Біржан салдың 190 жылдығына арналған концерт өтті

Елордада Біржан салдың 190 жылдығына арналған концерт өтті
Фото: «Қазақконцерт» 24.06.2024 15:15 326

Астанада Біржан салдың 190 жылдығына арналған «Арқаның ән-күй мұрасы» атты дәстүрлі өнер кеші өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арқа өңірінің ән-күй мектебі – өзге өңірлердің əн салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мəнері бар ерекше мектептердің бірі. Арқаның дәстүрлі өнер мектебі атақты қазақ әдебиетінің, мәдениетінің XIX ғасырдағы өкілі, қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің бірі һәм бірегейі Біржан сал Қожағұлұлының есімімен тығыз байланысты.

Елордада Біржан салдың 190 жылдығына арналған концерт өтті

Елордада Біржан салдың 190 жылдығына арналған концерт өтті

Суреттер: «Қазақконцерт»

Біртуар тұлға Біржан салдың 190 жылдығына орай ұйымдастырылған рухани кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Айзат Қарабек, Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, «Мәдениет саласының үздіктері» Перизат Тұрарова, Қайрат Айтбаев, әлем халық билерінің танымал солисі, «Birlik» ансамблінің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева, еліміздің абыройын халықаралық ареналарда асқақтатып жүрген Бауыржан Мұхаметбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Асқар Мұқият, Біржан Айтахметов, Дария Бекпенбетова және «Бірлік» би ансамблі өнер көрсетті.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі Ерлан Рысқали концерттің басты мақсаты бабадан қалған асыл қазынаны көрерменге жеткізу екенін айтты.

Аталмыш кешті өткізу «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының жылдық жоспарында қамтылған. Қазақтың ұлттық өнеріндегі ән-күйді насихаттау өнер адамдарының міндеті деп білемін. Руханиятымызға өлшеусіз үлес қосқан ата-бабаларымыздың мерейлі мерекесі лайықты деңгейде атап өтілуі тиіс, – дейді Ерлан Рысқали.

Ал атақты күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Жанғали Жүзбай қазіргі классикалық өнердің үлкен жауһары «Біржан-Сара» операсы деп есептейді.

Біржан Жетісудағы, Арқадағы барлық сал-серілердің ұстазы болған. Оның қазақ өнеріндегі орны шолпандай жарқырап, шамшырақтай жанып тұрады береді, – деді Жанғали Жүзбай.

Елордада Біржан салдың 190 жылдығына арналған концерт өтті

Елордада Біржан салдың 190 жылдығына арналған концерт өтті

Суреттер: «Қазақконцерт»

Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістерінің музыкалық кеші қазақтың атақты әнші-композиторы, ақын Біржан салдың шығармашылығы мен өнерін өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға