©El.kz/Арман Мухатов

Елордада бірнеше аялдаманың атауы өзгерді

Елордада бірқатар аялдама атаулары өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Құзырлы мекеме мәліметінше, қаладағы үш аялдаманың атауы өзгерген. Атап айтқанда:

"Астана солар зауыты" аялдамасы – "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы", №№ 18, 37, 42 бағдарлары бойынша;

"Альтаир салоны" аялдамасы – "Күлтөбе орамы", №№ 5, 5А, 8, 14, 22, 22А, 40, 64, 72 бағдарлары бойынша;

"Бахус" СҮ аялдамасы - "Жас батыр" с/к, №№ 5, 5А, 6, 20, 33, 37, 71, 72 бағдарларында.