Жаңалықтар

Елордада азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлі талқыланады

Елордада азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлі талқыланады
02.08.2019 17:43 4843

5 тамызда сағат 11.00-де Достық үйінде «Азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлі» атты тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Оған сот және құқық қорғау органдары, әділет органдары, «Nur Otan» партиясы, кәсіподақ ұйымдары, этномәдени бірлестіктер ұйымдарының өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім және Аналар кеңесі, медиация мәселелеріне маманданған көрнекті ғалымдар мен өңірлерден шақырылған кәсіби медиаторлар, мектеп медиаторларының; жастар ұйымдары өкілдері мен қоғам белсенділері қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты: қоғамдық келісім мен жалпыэтностық бірлікті қамтамасыз етуде медиация институтын нығайту және одан әрі дамыту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу болып табылады:

- қоғамдық медиатордың қызмет этикасы ережелерін әзірлеу;

- медиативтік келісімдерді сапалы жасасу үшін «қоғамдық медиатор» ұғымының критерийлерін анықтау (медиаторлардың біліміне және біліктілігіне қойылатын нақты талаптарды белгілеу);

- қоғамдық медиаторлар үшін оқыту курстарын, семинар-тренингтер өткізу;

- әр азаматтың өміріндегі медиацияның рөлі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Медиация саласындағы ақпараттық-насихаттау жұмысын күшейту шеңберінде конференция нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады және медиативтік практикада қолдану үшін медиация рәсімі бойынша ғылыми-әдістемелік материалдар әзірленеді. Жинақ Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында қосымша жарияланады.

Семинар-тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады деп күтілуде.

Бірыңғай республикалық медиация күні шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде, «Nur Otan» партиясының қалалық филиялының қоғамдық қабылдауында, қалалық кәсіподақ орталығында, қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауымен Алматы аудандық сотында медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» өтеді. Азаматтарды қабылдауды мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, заңгерлер мен АХАТ өкілдері өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға