Жаңалықтар

Елордада азаматтық диалогты ілгерілету және жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі ретінде қатысу мәселелері қарастырылады

Елордада азаматтық диалогты ілгерілету және жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі ретінде қатысу мәселелері қарастырылады
25.11.2019 16:48 2000

26 қарашада сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) «Азаматтық диалогты ілгерілету және жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі ретінде қатысу» жобасының қорытындысы бойынша кездесу өткізіледі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты маңызды тапсырмасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуметтік тұрақтылығын арттыру, азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, жобаларды талқылауға азаматтардың қатысу мүмкіндігін реттеу, сондай-ақ стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау бөлігі бойынша мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту, бюджеттердің, есептердің, нысаналы индикаторлардың және нормативтік құқықтық актілер жобаларына қол жеткізу мәселелері қарастырылмақшыды.

Президент Қ. Тоқаевтың Ұлықтау рәсімінде белгіленген 10 басым міндеттердің қатарында өңірлерді дамытудың жаңа бағыты белгіленді. Елімізде бұрын айтылған қағидат бойынша мықты Қазақстанды одан әрі дамыту мәселесі әрқашан өміршең болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру құралы ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруға үлкен мән берілді.

Таныстырылым барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова, «International Fund» Global Success of People» қоғамдық қорының жобалар бойынша директоры (Адамдардың Елеулі Жетістіктері) Әлия Қадырәлиева, жұмыс тобының мүшесі, жобаның жетекші кеңесшісі Нұрболат Парманов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы, Аманат сыйлығының бас амбассадоры Ырза Тұрсынзада сөз сөйлейді деп күтілуде.

Жоба шеңберінде Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында мақсатты іс-шаралар өткізілді. Таныстырылым барысында жұмыс тобының мүшелері жобаның негізгі жетістіктерімен, іс-шараларды өткізу аймақтарындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму ерекшеліктерімен, сондай-ақ Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерінің проблемалары мен даму әлеуетімен бөліседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға