Елордада Айтматов көшесі жөндеу жұмыстарына жабылады
28.06.2025 23:16
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада Қ.Мұхамедханов көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесін жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 28 маусым — 5 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатынын мәлімдеді.
Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, - деп жазылған басқарма таратқан ақпаратта.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

