Астанада полиция қызметкерлері бөтеннің көлігін айдап әкеткен адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шағымданушының айтуынша, мереке күндері ол жаңа жылдық сыйлықтарды жеткізіп жүрген. Клиенттердің үйіне бірнеше минутқа кіріп шыққан ер адам автокөлікті қосулы күйінде қалдырып отырған. Келесі бір жеткізілімнен кейін подъездден шыққанда ол өзінің Nissan Cefiro көлігінің жоғалып кеткенін байқаған. Осыдан кейін ер адам дереу полицияға хабарласқан.
Тексеру барысында анықталғандай, ер адам мас күйінде қосулы тұрған автокөлікті көріп, еш кедергісіз айдап кеткен.
Патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде оны тез арада ұстап алды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

