Жаңалықтар

Елордада Astana City марафонына 2 мыңнан астам адам қатысты

Елордада Astana City марафонына 2 мыңнан астам адам қатысты
Фото: instagram.com/akimat__astana 14.10.2024 04:37 98

Astana City марафонына 2 мыңнан астам адам қатысты. World Athletics Road Race Label санатындағы әлемдік марафондар сериясына кіретін халықаралық спорттық іс-шараға қатысқандар арасында қазақстандықтардан бөлек әлемнің 18 елінен келген қонақтар да бар, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.  

Astana City Marathon-ының ұйымдастырушылары мен серіктестері елордалық әкімдік, Туризм және спорт министрлігі, жеңіл атлетика федерациясы болды. 

Марафонда мынандай қашықтықтар ұсынылды:
- 42,195 км – жеке жарыс;
- Ekiden 42,195 км – командалық эстафета және 10 км;
- 10 км – скандинавиялық жүріс.

Бұл марафон жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп алғаш рет ұйымдастырып тұрмыз.  Барлық халықаралық мэйджорлар сияқты арнайы бір айналым жасалды. Маршрут біздің астанамыздың ең әдемі жерлері мен көшелері – Expo, Амман, Байтұрсынұлы арқылы өтті, – деді марафонның рейс директоры Павел Тензер.

Жарысқа барлығы 2300 адам қатысты, олардың ішінде тек астаналықтар ғана емес, сонымен қатар 18 елден, оның ішінде Қырғызстан, Қытай, Нидерланд, Кения, Ресей, Франция елдерінің қонақтары бар. 383 қатысушы 10 км қашықтықты сәтті аяқтады. Жарысты Ekiden командалық эстафетасының қатысушылары аяқтады. Қашықтықты бірінші болып Владимир Экерттің командасы 2 сағат 39 минут 36 секундпен аяқтады. Екінші мәреге Қарағандыдан келген Евгений Бровкиннің командасы бірінші орыннан небәрі 30 секундқа артта қалды. Тағы 30 секундтан кейін астаналық Бейбіт Ахмұров командасы 2 сағат 40 минут 35 секунд уақытпен аяқтады. Елордалық тағы бір команда – Айдар Жұмекенова көшбасшылық үштіктен кейін 13 минуттан соң 2 сағат 53 минут 36 секундта аяқтады. Астаналық Айкөркем Бекееваның командасы 3 сағат 29 минут 53 секундта мәре сызығын кесті. Марафонның негізгі қашықтығы 42 км 195 метрді 73 спортшы жүгірді. Мәреге бірінші болып Талдықорғаннан Данияр Орманғали келді, оның уақыты – 2 сағат 35 минут 10 секунд. Екіншісі – өскемендік Әмір Байтуғанов 2 сағат 35 минут 29 секунд уақытпен мәреге жетсе, үшіншісі 2 сағат 36 минут 58 секунд уақытпен мәре сызығына астаналық Аман Нұргелді жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға