Елордада алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
13.03.2025 02:05
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Былтыр елордадағы құрылыс саласында 600-ге жуық заң бұзылғаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр 431 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 600-ге жуық заң бұзылғаны анықталды. 6 компания құрылыс лицензиясынан айырылды, сол сияқты заң мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 180-нен астам талап-арыз сотқа жолданды. Жерге қатысты тиісті құжатын алмай, құрылысы басталған 4 нысан сот шешімімен бұзылды, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Айтуынша, заң бұзу оқиғасы анықталған жағдайда, құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылады. Оның ішінде айыппұл салу, қызметін тоқтату және заңсыз салынған нысандарды бұзу мәселелері қарастырылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

