Жаңалықтар

Елордада Алматы және Жетісу облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елордада Алматы және Жетісу облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 22.09.2023 19:53 974

Осы демалыс күндері, яғни 23 және 24 қыркүйекте Астанада Алматы және Жетісу облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылындағы ҚазҰӨУ ғимаратының алдындағы алаңда өтеді.

Екі облыс әкелетін өнімнің жалпы көлемі 400 тоннадан асады. Жәрмеңкеде 50-ден астам тауар сатылады – ет-сүт, шұжық, жеміс-көкөніс, балық өнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары, жемістер, бал, ұлттық сусындар бар.

Алматы облысының тауар өндірушілерін елордада Қонаев қаласы мен 9 аудан таныстырады. Бұл облыстың аграршылары Астанаға 186,4 тонна өнім әкелуді жоспарлап отыр.

Жетісу облысын Талдықорған және Текелі қалалары, сондай-ақ 8 аудан таныстырады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері 214 тоннадан астам тауар тасымалдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға