El.kz

Елордада 6 жастағы бала жоғары қабаттан құлап тірі қалды

Астанада алты жастағы бала көпқабатты үйдің жоғары бөлігінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта зардап шеккен баланың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатқанын атады.

Анықталған дерек бойынша, алты жастағы ойын баласы 9-қабаттан құлап, екінші қабатта орналасқан күнқағарға түскен.

Оқиғаның куәгерінің сөзінше, баланы екінші қабатта тұрғындардың бірі құлап кетпеуі үшін қолынан ұстап тұруына тура келген. Сол сәтте үш жігіт пәтерге жүгіріп, олардың бірі баланы терезеден ішке кіргізген. 

2019 жылғы бала жедел жәрдем арқылы 2-ші көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың дене жарақаттары көп, жағдайы ауыр", - деді Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.