Жаңалықтар

Елордада 407 сайлау учаскесі ашылады

Оның 68-і шетелдегі ҚР өкілдіктерінің жанында орналасқан
Елордада 407 сайлау учаскесі ашылады
Фото: El.kz 15.11.2022 10:44 1838

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық пен сайлаудың өту барысы бойынша семинар-кеңес өтуде, деп хабарлайды El.kz.

Семинарға Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен ОСК мүшесі Салтанат Мұстафина қатысты.

«Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша барлық өңірде семинар-кеңестер өткізді. Бүгінгі елордада өтіп жатқан семинарға ОСК мүшелері мен жергілікті атқару қызметі өкілдері, кандидаттардың штабтары, сенімді өкілдері, жалпы, 450-ден астам адам қатысуда. Жалпы 407 сайлау учаскесі бар. Оның 68-і шетелдегі ҚР өкілдіктерінің жанында орналасқан. Бүгінгі таңда 768 мыңнан астам сайлаушы жұмысын бастауға дайын отыр. Онлайн тәртіпте әр сайлаушы өзінің учаскесін анықтауға мүмкіндік бар»,- деді Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Ғазизқызы.

Астана қаласында халық санының артуына байланысты сайлау учаскелерінің 50 пайызы кеңейтіліп, қосымша 59 сайлау учаскесі ашылатынын айтып өтті. Сонымен қатар, семинар-кеңеске халықаралық байқаушылар да қатысуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға