©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Елордада 400 үлескер алаяқтарға алданып қалды

10.07.2025 19:34

Елорда прокуратурасы заңсыз құрылыс схемасына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.

Астана қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық схемаға қатысты тергеуді аяқтап, сотқа жолдау туралы шешім қабылдады. Бұл іс үш тұрғын үй кешенін заңсыз үлестік (пайдалы) құрылыс арқылы қаржыландыру фактісіне негізделген.

Тергеу нәтижесі бойынша:

400-ден астам отбасынан жалпы сомасы 4,6 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтірілген;

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы топ рұқсатсыз және заң талаптарын бұзған;

Тартылған қаражат мақсатсыз жұмсалып, құрылысы бүлкілдеп толық жүргізілмеген;

Астана прокуратурасы азаматтарға кеңес береді: пәтер сатып алмас бұрын үлескерлік қаражат жинауға рұқсаттың бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз - бұл ел ішінде алаяқтықтан сақтанудың ең тиімді жолы.