Жаңалықтар

Елордада 400-ден астам көше жөнделді

Сондай-ақ көлік қозғалысына арналған көпір ашылды
Елордада 400-ден астам көше жөнделді
Фото: gov.kz 09.12.2022 04:08 1131

Астанада ашылған және жөнделген көшелердің саны 400-ден асты, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олардың жартысы елдімекендерде орналасқан. Сондай-ақ Ұлы дала даңғылының бойында көлік қозғалысына арналған көпір ашылды. Ал Тәуелсіздік даңғылында орналасқан тағы бір көпір 2023 жылы ашылады. Осыған дейін кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы бекітілген болатын. Ол халықтың жыл сайынғы өсуін және көлік нөпірінің артқанын ескеріп, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға арналған бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Биыл тамыз айында Ұлы дала бойында ашылған көпір Мәңгілік ел даңғылын, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova City ауданындағы, «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік нөпірін сейілтті, сол сияқты «Нұрлы жол» жаңа вокзалына, Телман және Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті маңайына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне қатынайтын жол орнады. Сол сияқты А62 көшесі бойында (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тасжолына дейінгі учаскеде) қозғалыс ашылды. Бұл көше Қарағанды тасжолы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл көше аудандарды жаңа көпірмен байланыстыруға мүмкіндік жасайды, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылын жалғайтын тағы бір көпір 2023 жылы ашылады деп жоспарланып отыр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға