Жаңалықтар

Елордада 37 тұрғын үй заңсыз салынып жатыр: Бас прокуратура дабыл қақты

Елордада 37 тұрғын үй заңсыз салынып жатыр: Бас прокуратура дабыл қақты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.10.2024 13:36 429

Елордада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 37 құрылыс нысаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартады. Осы негіздер бойынша биыл  ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:

1) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

3) ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру).

Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының сенімділігін тексеріңіз.

Ол үшін сілтемені басу арқылы салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізілімімен («Кепілдік объектілері» қойындысы), сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығарған кепілдік сертификаттарымен танысуға болады («Сертификаттар» қойындысы).

Егер тұрғын үй құрылысына қатысты мәселеге тап болсаңыз 71-24-87 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға