Жаңалықтар

Елордада 200-ге жуық волонтер Ботаникалық баққа ағаш отырғызды

Елордада  200-ге жуық волонтер Ботаникалық баққа ағаш отырғызды
Фото: Видеодан кадр 05.10.2024 02:45 540

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес елдерінің волонтерлері Астанада экологиялық акцияға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шара аясында 200-ге жуық волонтер Ботаникалық бақ аумағына 100-ден астам ағаш отырғызды.

Аталған акцияға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай, сондай-ақ түрлі волонтерлік ұйымдардың волонтерлері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 2024 жылдың 3-4 қазанында АӨСШК Жастар кеңесінің қолдауымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес елдерінің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті өтті.

Оған Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Таиланд, Тәжікстан, Бахрейн секілді 21 елден 450-ден астам делегат қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға