Елорда маңындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
21.06.2022 10:10
Фото:
ТЖМ
Елорда маңында шыққан өртті сөндіруге МИ-8 ұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Кеше Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. «Астана Орманы» МКК күшімен өрттің периметрі бойынша жер жыртылды. Жалынның «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ. Төтенше жағайды жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 8-де Нұр-Сұлтан аэродромынан өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 ұшып кетті», - делінген ТЖМ хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

