Жаңалықтар

Елорда дүкендерінде заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды

Ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгені құрады
Елорда дүкендерінде заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Фото: inbusiness.kz 29.06.2022 09:48 1313

Рұқсат беру құжаттарын жоқ ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды.

Осы ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгені құрады.

Күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысы Щучинск ауданын қоспағанда, ҚР аумағында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, заңсыз ойын бизнесі мақсатында үй-жайлар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға