Жаңалықтар

Елорда әкімі ЛРТ туралы сұраққа жауап берді

Елорда әкімі ЛРТ туралы сұраққа жауап берді
Фото: ашық дереккөз 08.07.2022 16:33 1531

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЛРТ жобасының алдағы жұмыстарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында журналистер қала әкіміне ЛРТ жобасы бойынша сұрақ қойды. 

«Қатты аязға рельстер мен вагондар шыдай ма? Бетон бағандар ЛРТ салмағы мен жылдамдығына төзе ме?» деген сауалға Алтай Көлгінов жауап берді. 

«Жоба сарапшылармен, құрылысшылармен, инженерлермен әзірленіп, бәрі ескерілген. Бағандардың жүктемесі, ауа райы, бәрі қаперге алынған. Бетон бағандары өте сапалы орналасқан. Әрқайсысының салмағы шамамен 200-220 тоннаны құрайды, олар темір-бетонды. Бетон маркасы өте сапалы. Сапасын мамандар тексереді. Техикалық, авторлық қадағалау бар. Ол жерде бірнеше бақылау жүреді. Басты мәселе – бұл жобаны аяқтау», – деді Алтай Көлгінов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға